7.12.2023, 15:59
Оқылды: 13

Колледждер лигасы: үздіктер облысқа жолдама ұтты

 

Техникалық және кәсіптік білім саласында оқып жүрген жастарды салуатты өмір сүруге бағыттау, түрлі спорт ойындары барысында дарынды спортшыларды анықтау мақсатында облыстық білім басқармасы жыл сайын дәстүрлі колледждер лигасын ұйымдастырып келеді.

лига (2)

Өңірлік 33 колледж командалары белгіленген тәртіппен төрт аймаққа жіктеліп, ойындарға қатысады, бақ сынасады.

Жуырда Бөрлі колледжі ІІ аймақтық ойындарының ұйымдастырушысы ретінде спорт алаңдарында Бәйтерек, Теректі, Шыңғырлау, Қаратөбе, Сырым, Ақсай техникалық колледждерінің командаларын қарсы алды.

Ерлер мен қыздар арасында футзал, волейбол, баскетболдан өткен тартысты ойындардың қорытындысы бойынша үздік деп танылғандар лига ойындарының облыстық кезеңіне жолдама алды.

Турнирлік кестеге сай футзалдан бірінші орын Бөрлі колледжі, екінші орын Бәйтерек колледжі, үшінші орын Шыңғырлау колледжі, волейболдан (ерлер) бірінші орын Бөрлі колледжі, екінші орын Ақсай колледжі, үшінші орын Шыңғырлау колледжіне бұйырды.

Спорттың осы түрінен қыздар арасында бірінші орын Бөрлі колледжі, екінші орын Теректі колледжі иеленді. Баскетболдан (ерлер) бірінші орын Шыңғырлау колледжіне бұйырса, екінші орын Теректі колледжіне, үшінші орын Қаратөбе колледжі еншіледі. Қыздар арасындағы баскетбол ойында бірінші орынды Теректі колледжі жеңіп алды.

Осы лиганың жеңімпаздары жуырда Орал қаласында жалғасатын спорттық сайыстар ең мықты спортшылардың есімдерін анықталып,  жұлдыздарын жағады.

Нұргүл Қуатова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале