16.01.2023, 15:30
Оқылды: 97

Қолөнер – сырлы өнер

Ұлттық қолөнерді дамыту, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, олардың жасаған бұйымдарын халық арасында кеңінен насихаттау, қазақтың ұлттық нақыштарын дәріптеу мақсатында Бөрлі аудандық өлкетану музейінің ұйымдастыруымен  Бөрлі ауданының қолөнер шебері Замзагүл Ажикованың «Өнер – таусылмас азық» атты көрмесі ұйымдастырылды. Шараға аудандық аналар кеңесінің төрайымы А.Идгеева және ісмерлік өнерге деген ынтасы мен ықыласы зор қыз-келіншектер қатысты.

6

Қызылтал ауылының тұрғыны  көпбалалы ана Ажикова Замзагүл Ғалымгерейқызы Казталов ауданының тумасы. 2018 жылы мемлекеттен қайтарымсыз грант алып өзінің кәсібін бастап кеткен. Қазіргі таңда қолөнер шебері ұлттық нақыштағы «Сырға салу», «Бесікке салу» рәсімдерінің әшекей-бұйымдары,  киім-кешектер, құрақ көрпелер, жастық, тұрмыстық заттар, үй сәндеуге арналған  жабдықтарды тігумен тағы да басқа жасаумен айналысады. Замзагүлдің  жасаған ұлттық нақыштағы қыз жасауларына  Америка Құрама Штаттарынан да тапсырыс түскендігі белгілі. Болашақта өзінің кәсібін одан әрі кеңіту ойында бар екені айтылды.

5

Шара дәстүрлі әнші Қарагоз Әбілдаеваның орындауындағы керемет әнмен басталып, музей экскурсоводы А.Стаев  көрермендерді көрмеге қатынасқан бұйымдармен, оны жасаушы өнер иесімен таныстырды. Қолөнерші З.Ажикова өзінің қол жұмысымен таныстырып, көптеген көрермендерінің сұрақтарына жауап беріп, алдағы мақсаттары, өз ісін кеңейту жоспарда бар екенін айтты. А.Идгеева осы рухани, мәдени құндылыққа толы көрменің шеберіне қолдау көрсететінін білдіріп, шығармашылық табыс тілеп, жақсы идеяларды ортаға салып, бренд жасауға ұсыныс білдірді. Музей меңгерушісі З.Менешева қолөнершіге өзінің ризашығын білдіріп естелік сыйлық пен Алғыс хат табыстап, осындай шебер  тұлғалардың барында қазақ мұрасы әрі қарай өркендей бермек деді. Қөлөнерді көпшілікке насихаттау шараның барысы көрмені тамашалаумен жалғасын тапты.

Зумрад Менешева

Бөрлі тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале