22.09.2022, 23:42
Оқылды: 58

Көңілді эстафета ұйымдастырды

Ауылдастарының алғысына бөленіп, тек үлкендерге емес, замандастарына да жақсылық жасап, жүзіне күлкі үйіру де алғабастық “Жас Ұлан” белсенділерінің оқ бойы озық тұрғанын мойындау керек.
image-22-09-22-11-29-1
Сырым ауданындағы Алғабас ауылындағы М.Қаналиев атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің тәлімгері Нұрболат Жұмағазиевтің бастамасымен жас ұландықтар бүгінде 7-сынып оқушысы Жанатбек Жүсіптің үйіне арнайылап барып көңілді эстафета ұйымдастырды.
“Балалар жылы” аясында көптеген танымдық іс-шара мектептерде бастау алғалы да біраз болды. Бірақ ешбір мектеп, ешбір тәлімгер ерекше күтімді қажет ететін шәкірт үшін өз қаражаты есебінен облыстан аниматорлар алдырмағаны анық.
Осы орайда мардымсыз жалақы ала отырып, жас буынды соңынан ілестіре білетін Нұрболат Серікұлының да еңбегі ұшан теңіз.
Жанатбектің ауласына бүгін тек құрдастары, ертегі кейіпкерлері ғана емес, жүректері мейірімге толы жандар келді, көңілін аулады, қуаныш сыйлады.
image-22-09-22-11-29
Аталмыш эстафетаға тек “Жас Ұлан” ұйымының белсенділері мен тәлімгері ғана емес, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, логопед, педагог мамандар да қатысты. Нәтижесінде, жеңімпаздар анықталып, оқушыларға тәттілер таратылды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале