15.09.2021, 12:27
Оқылды: 56

Көңілді сөре өтті

Бәйтерек ауданының орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Отбасы күніне орайластырылған «Әкем анам және мен» атты көңілді сөре жарысы өтті.

 старт (3)

Бұқаралық спортты дамытып, отбасы құндылықтарын дәріптеу және аға ұрпақ пен жас ұрпақ арасындағы байланысты нығайту мақсатында оздырылған қызықты жарысқа аудан орталығы мен алыс-жақын округтерден келген отбасылар қатысты.

старт (1)

Бірнеше кезеңнен тұрған сайыс қызықты өтті. Қорытындысында «Асыл қазына» және «Қыран» командалары белсене қатысқаны үшін аталымымен марапатталса, «Жұлдыз» командасы үшінші, Жекековтер отбасы мүшелерінен құралған «Бүркіт» тобы екінші, Дүйсембиевтер отбасының «Барыс» командасы бірінші орын иеленді.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаз отбасыға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале