Бүгін Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов Талдыапан ауылдық округінің тұрғыны, көпбалалы ана Алмагүл Танауованы қабылдады.
Қабылдауда аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы еліміздің демографиясына үлес қосып, ұрпақ тәрбиелер отырған Алмагүл Жақсылыққызына «Күміс алқа» мемлекеттік медалін табыс етіп, құттықтады.
Көпбалалы ана аудан басшысына алғысын білдірді.
Гүлнұр Бөлешов,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz