15.09.2022, 21:39
Оқылды: 56

Көпбалалы анаға «Алтын алқа» тақты

Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушев Ақсуат ауылдық округіне қарасты Магистральный ауылына барып, тыныс-тіршілігімен танысты. Бүгінгі таңда бұл ауылда 165 аула, 600 тұрғын бар.

IMG-20220915-WA0047

Сапар барысында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан ауыз судың жұмыстарын қадағалады. Сонымен қатар ауылдағы мектепке соғуды да назардан тыс қалдырмады.

IMG-20220915-WA0052

Сондай-ақ 1960 жылы дүниеге келген ауыл тұрғыны,  көпбалалы ана Валентина Бондарьдің үйіне арнайы баруды құп көрді. Айта кетейік,  Валентина Владимировна 7 құрсақ көтерген жан. Қазіргі уақытта 15 немере-жиен, 3 шөбере сүйіп отыр.

IMG-20220915-WA0061

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттау туралы шешім қабылданған болатын. Олардың қатарында Валентина Бондарь да бар.  Мінекей,  аудан әкімі Тілек Александрұлы көп балалы анаға «Алтын алқаны» табыстап,  жылы лебізін білдірді.

Айшабибі Мәмет, 
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале