15.09.2023, 16:30
Оқылды: 61

Көпкүтір және Жаңатаң елді мекендерінің тұрғындарын не алаңдатады?

Болашақ ауылдық округінің әкімі міндетін уақытша атқарушы Аслан Ерешовтың Көпкүтір және Жаңатаң елді мекендерінің тұрғындарымен ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша кездесу жиындары өтті.

2091266B-13F3-4131-9B08-8EDFA44B047A

Жиынға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев, Казталов аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ануар Сапаров, аудандық электр торабы басшысы Дамир Сарсембиев және мектеп директорлары қатысты.

Көпкүтір және Жаңатаң елді мекендерінде өткен жиындарда денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер және ауылдағы электр желісі мәселесін реттеу жөнінде Ануар Айдарұлы мен Дамир Сәкенұлы баяндап берді.

Ал Берік Сергейұлы Көпкүтір елді мекеніндегі бой көтерген ауылдық клубты заңдастыру және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Меңдіжанұлы қос елді мекендегі мәселелерді шешу бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті.

CD392C15-8FF1-4D3B-BB00-0EF9E89C3D46

Көпкүтір ауылында ағымдағы жылы тұрғындардың қолдауымен ауылдық клуб салынды. Сонымен қатар шағын елді мекендегі мектепке  жеті жас маман келіп, ауыл балаларын білім нәрімен сусындатты.

Тұрғындардың ендігі тілегі мектеп пен медициналық пункт салынып, ауылға кіреберіс жолға асфальт төселгені. Мектеп пен медициналық пункт салу мәселесі алдағы бес жылдықта жоспарда тұр. Ал жол мәселесі өз кезегінде шешімін таппақ.

Жаңатаңдық ағайын жиында ауылдағы электр желісін қалыпқа келтіру, ауылды жарықтандыру, ауылдық клуб салу, бөгет қазу жұмыстарын жүргізу сынды мәселелерді көтерді.

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов қос елді мекендегі жиында халық көтерген мәселелерге құлақ түріп, оны шешу жолдарын түсіндіре отырып жауап берді. Жиындарда аталған елді мекендерді дамыту мәселелері талқыланып, аудан әкімі бөлім және мекеме басшылары мен округ әкіміне тапсырмалар берді.

Асланбек Ахметоллаұлы жұмыс сапары барысында Көпкүтір ауылдық клубының, Жаңатаң елді мекеніндегі жол жөндеу, Болашақ ауылындағы бөгетке су айдау және ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстармен танысты.

Сондай-ақ Көпкүтір негізгі білім беретін мектебінің жас мамандарымен кездесіп, жылы лебізін білдіріп, ауылға келген жас мамандарға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Асылбек Нәсіпқалиұлы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале