2.09.2021, 15:41
Оқылды: 46

Көптен күткен «Алғашқы қоңырау»

Еліміздегі һәм әлемдегі пандемиялық жағдайға байланысты білім беру жүйесінде біраз өзгерістер болғаны баршаға мәлім. Жартылай онлайн, жартылай дәстүрлі түрде оқып жазғы демалыстың өзін бұрынғыдай аңсап күткен оқушыны сирек кезіктірдік. Күндер желдей жүйткіп, апталар ұшып тамылжыған тамыз да тәмамдалып, бірінші қыркүйек те келіп жетті. Бала кезімізден жалықпай көрген «Алты жасар Алпамыс мектепке барады» атты фильмнің қызықты сюжеттерін еске түсіріп алатын да осы кез екенін несіне жасыралық?!

 111

- Ертең бірінші сентябрь!

- Ей, Қалихан?!

- Қазір,- деген диалог бәрімізге таныс шығар.

Ауылымыздағы баласы мектеп жасындағы үйлердің тіршілігі таң бозарып атқаннан басталды. Жұмысқа келген соң бірден Жаңақала мектеп-гимназиясына бет алдым. «Кел, балалар оқылық» атты 1 сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын өтті. Санитарлық талаптар сақталған шара жоғары деңгейде болды. 1 сыныпқа қадам басқан оқушылар ақындардың өлеңдерін жатқа оқып, жиналған қауымды қуанышқа бөледі. Жаңақала мектеп-гимназиясының директоры Айбар Негаев ата-аналарды, ұстаздарды және оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі. Одан әрі 1 сыныптың оқушыларына «Әліппе» оқулығы табысталды.

222

Жүргізуші әр оқушының аты-жөнін атап, білім саласында көп жыл еңбек атқарған ұстаздар оқушыларға мұқабасы таныс, көрген адамның мектеп кезін еске түсіретін «Әліппені» берді. 1 «А» сыныбына көп жылдық тәжірибесі бар мұғалім Айжан Талапқызы, 1 «Ә» сыныбынаБибигүл Амантайқызы сынып жетекші боп тағайындалса, ал Айдана Жасталапқызына 1 «Б» сыныбын оқыту бұйырды. Мұнтаздай боп киініп, мектепке барып, мұғалімдеріне гүл беріп жатқан оқушыларды көргенде сағынышқа айналған алаңсыз мектеп кезін аңсап кеттім. Мектеп, ұстаз туралы әуелеген әндер шараның көркін одан сайын қыздырып тұрды.

Жаңа оқу жылы табысқа толы болып, мектеппен қауышқан балалардың бәрі ел мақтаныштарына айналғай!

 

Ж.Жұмағұл,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале