28.12.2023, 15:15
Оқылды: 78

Ханкөлде жаңа мектеп пайдалануға берілді

Бүгін Қаратөбе ауданының Ханкөл ауылында жаңа мектеп пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы орындалды.

Ханкөл 4

Ханкөл мектебінің ескі ғимараты 1979 жылы салынған, жобалық қуаты 105 орынға арналған болатын.

Ханкөл

2023-2024 оқу жылында екі ауысымда 11 сынып-комплектінде 81 оқушы білім алып жатыр.
Биылғы оқу жылында 1-сыныпқа сегіз оқушы қабылданса, мектепалды даярлық тобында бес бала тәрбиеленуде.
Мектепте 28 педагог қызмет атқарып жүр.
2023 жылы қолданысқа беріліп отырған жаңа мектеп ғимаратының қуаттылығы 60 орынға есептелген. Жаңа мектептің құрылысын Қалдығайты» ЖШС жүргізген.
Жаңа ғимаратта 10 оқу кабинеті бар. Сонымен қатар 2 шеберхана, 2 зертханалық кабинет, спортзал, кітапхана және 64 орындық асханасы, мектеп ауласында ойын, футбол, баскетбол, жүгіру және спорт алаңдары бар.
Ауыл мектебінің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, «Қарашығанақ Петролиум оперейтинг Б.В компаниясының өкілдері», облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, Ханкөл ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Ғабдрахман Бисеғұлов қатысты.
– Құрметті Ханкөл ауылының тұрғындары! Баршаңызды алда келе жатырған Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.

Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бағытында елімізде көптеген игі істер атқарылып жатыр.

Жаңа мектептерің құтты болсы! Мектеп құрылысы биыл басталып, осы жылы пайдалауға беріліп отыр. Қала балалары қандай мектепте білім алса, ауыл балалары да сондай сәулетті мектепте білім алуға қол жеткізіп отыр. Енді мектеп ұстаздарының алдында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру мақсаты тұр, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы.
Мектепте көптеген жыл математика пәнінен дәріс берген ардагер ұстаз Нұрлы Дүйсекова жаңа мектептің ашылуына орай қуанышын төмендегідей тарқатты.

Ханкөл 3
– Біраз жылдан осы мектепте қызмет етіп, мектеп директоры болдым. Бүгін үлкен қуаныштамыз. Көптен күткен арманымыз орындалды. Мектебіміздің қала мектептерінен ешбір айырмашылығы жоқ. Сыныптар барлық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Оқушылардың жан-жақты білім алуына толық жағдай жасалған. Мектебіміздің жетістіктері аз емес. Мектепті бітірген оқушыларымыз биіктерден көрініп, жоғары білім алып, еліміздің әр салаларында елеулі қызмет етуде, - дейді мектептің ардагер ұстазы Нұрлы Дүйсекова.

Ерболат Райсов,

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале