14.03.2022, 22:21
Оқылды: 3

Көрісу күні көңіл жадырады

14 наурыз - Көрісу күнін Батыс Қазақстан өңірі асыға күтеді. Бұл күні  Шыңғырлау тұрғындары ерте тұрып жасы үлкендерге келіп көрісіп, батасын алады. Амал күні өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады. Үлкен кіші көрісе отырып, бір-біріне «Бір жасыңмен», «Жасың құтты болсын» деген тілектерін арнайды.

28E36F37-1975-40EA-9CF4-0519EC69E9C1  Жасы үлкендерге ізет көрсетіліп, ілтипат білдіретін бұл мерекеге орай аудандық мәдениет үйінде «Амал келді, жыл келді» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.  Шараға аудан әкімі  Ә.Мұханбетжанова қатысып, Көрісу күнімен құттықтап,   береке-бірлік, әр отбасына амандық, еңбектеріне табыс тіледі. Шарада бас қосқан ауыл ақсақалдары мен әжелерге  наурыз көже ұсынылып,  ұлттық тағамға толы дастарханнан ауыз тигізілді.

422BC062-1C7F-4C6E-8500-798B02F16890

Мерекелік шарада мәдениет қызметкерлерінің әзірлеген қойылымы көрсетіліп, концерттік бағдарламаға ұласты.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале