1.03.2024, 17:37
Оқылды: 11

Көркемөнерпаздар шеруі өтті

Бүгін көктемнің алғашқы күніне тұспа тұс келген Алғыс айту күніне орай Тасқала аудандық мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет көркемөнерпаздар шеруі өтті.

90392b0b-791d-4d7a-a058-e5dfb06bfcd2

Іс-шара барысында аудандық мәдени демалыс орталығының көркемөнерпаздары аудандағы бірқатар мекеме ұжымымен кездесіп, өздерінің жүрек жарды лебізін білдіріп, ауданымыздың көркейуіне үлестерін қосып жүргендері үшін алғыс білдірді. Атап өтсек, олардың арасында аудандық электросет ұжымына, «SENOIL» және «NEFTEK» жанар-жағар май құю бекеті, «Қазавтожол» мекемелер бар.

ba9a7bc0-82fd-4e32-a081-494c618690b1

Өз кезегінде мекеме басшылары мен ұжымдары осындай игі шараның бастамашыларына ризашылықтарын білдірді.

f6282d29-2f5a-42d4-995a-aec9649380dd

Назерке Шайхолла,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале