23.09.2022, 12:30
Оқылды: 33

Көрсеткіштер көңілден шығады

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни егін шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.

IMG_0301

Тасқала ауданы халқы негізінен егін және мал шаруашылығымен шұғылданады. Халықтың тұрмыс жағдайының түзелуі агросаланың әлеуетімен тікелей байланысты. Сондықтан да жыл сайын ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көлемі артпаса, кеміген емес. Астық ору науқаны сәтті аяқталып, күздік жұмыстар талапқа сай орындалған.

ауылшаруашылық (4)

Аудандағы ахуалға жауапты ауыл шаруашылығы бөлімінің деректеріне зер салсақ, ағымдағы жылы аудан көлемінде егілген барлық дәнді дақылдардың мөлшері 17,21 мың гектар. Соның ішінде 10,05 мың гектары жаздық бидай болса, арпа 4,47 мың гектар және 250 гектары дәндік құмай. Егілген күздік дақылдар егісі 2,35 мың гектар, оның ішінде күздік бидай 1,43 мың гектар алқапқа, қара бидай 0,30 гектар алқапқа егілген. Майлы дақылдардың егілгені 17,02 мың гектар, соның ішінде күнбағыс 4,50 мың гектар, мақсары 12,19 мың гектар. Мал азығы дақылдарының жалпы егілгені 8,25 мың гектар. Соның ішінде біржылдық судан шөбі 2,45 мың гектар, көпжылдық шөптер 1,87 мың гектар, сүрлемеге арналған жүгері (сорго суданская трава силос) 0,37 мың гектар, өткен жылдары егілген көпжылдық шөптер 3,55 мың гектар. Бүгінгі таңда астық дақылдарын жинау жұмыстары толықтай аяқталды. Соның ішіндегі 2335 гектар күздік бидай жиналып астық түсімі 4630 тоннаны құрады. Орташа өнімділігі гектарына 19,8 центнер. Ал барлық жаздық дәнді дақылдардың (14,73 мың гектар егілгені) түскен астық 22715 тонна, орташа түсімі гектарына 15,4 центнер құрап отыр. Майлы дақылдары егілгені 17,02 мың гектар, бүгінгі кезде жиналғаны 2,0 гектар мақсары, орташа өнімділігі гектарына жеті центнер, түскен өнім 1400 тонна. Күнбағыс (4,50 мың гектарына жиналатыны) егістерін келесі аптада ору жұмыстары басталуы жоспарлануда. Картоп, көкөніс және бақша егістері жиналу жұмыстары жалғасуда, Атап кетсек биылғы жылдың көктем мезгілінде 14-15 мамыр күні 450 жанұя қатысуымен 42 гектар алқапқа ұжымдық бақша егілді. Картоп өнімдерін жинау 9-10 қыркүйек күндері ұйымдастырылды. Орташа өнімділігі гектарына 175 центнер, түскен картоп өнімі 735 тонна. Аудан бойынша ағымдағы жылдың жоспарына сай 127,9 мың тонна шөп дайындалуы қажет.  Бүгінгі күні 136,6 мың тонна дайындалды. Орташа түсімі гектарына 6,5 центнер. Орындалуы 106,8 пайыз. Дайындалған шөп 2022-2023 жылдардың мал қыстағына толықтай жететіні анық. Сонымен қатар 1,6 мың тонна сабан дайындалды.

Бұдан басқа аудан шаруашылықтары екпелі біржылдық судан шөбін 2,45 мың гектар алқаптан 5,1 мың тонна шөп дайындалды. Орташа түсімі гектарына 21 центнер. 1,0 мың тонна пішендеме (сенаж) және 0,2 мың тонна сүрлеме (кукуруза на силас) дайындалды. Аудан диқандары күздік далалық жұмыстарды бастады. Жұмыс жоспарына сәйкес аудан диқандары 6,0 мың гектар күздік дақылдар егілуі қажет. Бүгінгі күнде 5,9 мың гектар егіліп, орындалуы 99 пайызды құрап отыр. Бұдан бөлек 19 мың гектар күздк жер жырту жұмыстары жоспарланған болатын, нақты дайындалғаны 11,3 мың гектар. Жырту жұмыстары жалғасуда. Ауданда егін шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Ауданында соңғы жылдары мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді.  Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметінше, 2022 жылдың сегіз айында ірі қара мал саны 39,5 мың басқа жетіп, былтырғымен салыстырғанда 6,6 пайызға, қой мен ешкі 93,9 мың бас құрап 8,2 пайызға, жылқы 16,3 мың бас құрап 2,9 пайызға артып отыр. Құс 46,3 мың бас құрап, 0,8 пайызға кеміген. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 3308,0 тонна (106 пайыз) ет тірілей салмақта, 11335,9 тонна (100,7 пайыз) сүт, 3007,4 мың дана (100,1 пайыз) жұмыртқа, 114,6 тонна (101,9 пайыз) жүн өндірілді.

Ауданда мал басын көбейту және мал сапасын жақсарту мақсатында асылдандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. 2022 жылдың 1 қаңтары жағдайында ауданда асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейтумен айналысатын 19 шаруа қожалық және асыл тұқымды жылқы өсірумен шұғылданатын 4 шаруашылық және асыл тұқымды қой шаруашылығымен  айналысатын 1 коммерциялық емес акционерлік қоғам жұмыс істейді. Аталған шаруа қожалықтарында биылғы жылдың 1 қаңтарына тіркелген асыл тұқымды ірі қара мал саны-3991 бас, оның ішінде герефорд 1255 болса, қазақ ақ бас 2242, абердин-ангус 244, голштина 147, симментал 103 басты құрап отыр. Асыл тұқымды қой -1775 бас (ақжайық етті-жүнді), асыл тұқымды жылқы саны 106 бас (көшім жылқысы 92, жабе тұқымды жылқы саны 14 бас) құрап отыр. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау арқылы ауданда мал шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді.

ауылшаруашылық (2)

Қазіргі таңда ауданның агроқұрылымдарынан «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» ережесі бойынша отандық асыл тұқымды ІҚМ сатып алу, ІҚМ асылдандыру жұмыстарын жүргізу, отандық асыл тұқымды ҰҚМ сатып алу, ҰҚМ асылдандыру жұмыстарын жүргізу үшн сыйымдылығы 1000 бастан кем емес бордақалау алаңына өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату секілді бағыттарда 332 млн.595 мың 900 теңге субсидия төленді. Ауданнның ауыл шаруашылығының бір бөлігін жеке тұрғындардың қосалқы жеке шаруашылықтары құрайды. Ауыл тұрғындарының жеке қосалқы мал шаруашылығын дамытудың тиімді жолы ауыл шаруашылық өндірістік кооперативін құру және дамыту. Тұрғындар кооперативке бірігу арқылы мемлекеттік қолдауларға қол жеткізуге (несие, субсидия), ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудың өзіндік құнын арзандатуға және өнімдерін кепілді өткізуге мүмкіндік артады. Аудан бойынша 26 ауылшаруашылық өндірістік кооператив жұмыс жасауда. Жалпы мүшелер саны 540, малдың саны 2035 ІҚМ, 1246 ҰҚМ және 93 бас жылқы құрады. Қазіргі таңда «Инвсетициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша» субсидиялау ережесі бойынша екі кооператив («Ақкүтір» АӨК-трактор, «Тоғайлы» АӨК-шөп шапқыш) техника сатып алып, субсидиялауға қатысуда. АӨК-не қажетті техника мен құрал-жабдықтарды сатып алу арқылы ауыл шаруашылығы саласына 305,4 миллион теңге инвестициялық салымдар тартылып, статистика басқармасымен есепке алынды.

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале