12.03.2021, 17:51
Оқылды: 84

Қорытынды есеп тыңдалды

Жуырда БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абылайхан Серіковтің төрағалығымен аудандық полиция бөлімінің өткен жылдың 12 айы мен биылғы қаңтар-ақпан айларында атқарған қызметінің қорытынды есебі тыңдалды.

IMG-20210312-WA0011 (1)

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық сот төрайымы Әсел Жамантаева, аудан прокуроры Руслан Сабыров, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, аудандық полиция бөлімі мен жеке құрамы қатысты.

IMG-20210312-WA0013

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Абылайхан Серікұлы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына мал ұрлығы, алаяқтық және басқа да қылмыстардың алдын алу, полиция қызметкерлерінің сервистік жұмыс үлгісіне көшу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Басқосуда қатысушылар аудан тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Жиын соңында полиция департаменті бастығының орынбасары тұрғындарды жеке қабылдады.

Г.Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале