13.10.2021, 16:43
Оқылды: 56

Қоржында - 4 алтын-қола, 7 күміс!

Таяуда  Нұр-Сұлтан қаласында қалалық спорттық бағдарлаудан ҚР чемпионаты өткен болатын. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен  156 спортшы, яғни  8 команда қатысты. Атап айтсақ,  Нұр-Сұлтан қаласы, ШҚО, БҚО, СҚО, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облысы атынан келген жас спортшылар. Командалар «Орта», «Спринт»,  «Қысқа» қашықтығы, «Бір адамдық эстафета» бойынша сынға түсті. Жарыс Нұр-Сұлтан қаласының әртүрлі саябақтарында өтті.

WhatsApp Image 2021-10-13 at 16.41.33

БҚО командасы облыстық білім басқармасының, Теректі және Бәйтерек аудандарының қолдауымен жасақталды. Соның ішінде Теректі ауданы спортшыларының жекелей сындағы нәтижелері көңіл қуантарлықтай болды.

Біздің спортшылар барлық қашықтықтарда бәсекелестік танытты. Жекелеген сында «Спринт», «Қысқа» қашықтығында 16 жасар қыздар арасында  Ш. Амангелдиева 1-орын, «Орта» және  «Эстафета» қашықтығы бойынша 2-орын, 14 жасар ұлдар арасында «Орта», «Қысқа» және  «Эстафета» қашықтығы бойынша Д. Төлеш 2-орын, 16 жасар ұлдар арасында Б. Жанғожиев  үш ойында үздік үштіктен көрінді.  «Орта», «Қысқа» және  «Эстафета» қашықтығы бойынша 14 жасар қыздар арасында  А.Губашева  2 және 1-орынды орын иеленді.

WhatsApp Image 2021-10-13 at 16.41.40

Ал 21 жастан жоғары ерлер арасында өткен сайыста М Махамбетұлы , Е.Сағыналин Н.Қасымов 7 команда арасынан үздік деп танылды.

Облыс қоржынына спортшыларымыз  4 алтын, 7 күміс, 4  қола медаль салды.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале