24.05.2024, 18:00
Оқылды: 2

БҚО-дағы суға кеткен ауылда 90 үйдің құрылысы басталды

Көктемгі су тасқынында Қаратөбе ауданына қарасты Қоржын ауылы суға кетіп, үлкен көлемде зардап шеккен болатын. Қазіргі таңда ауыл халқына қажетті көмектер көрсетіліп, Қоржын ауылында 90 үйдің құрылысы басталды.

каратобе стройка дом паодвки 2024 (1)

Тасқын зардаптарын есептеуге құрылған комиссияның шешімімен Қоржын ауылына 90 үй салуға шешім қабылданып, жаңа үйлердің құрылысы басталып кетті. Құрылысы басталған 72 үй жаңадан белгіленген жерге салынбақшы. Қалған 18 пәтер үйлердің бұрынғы орындарынан қайтадан тұрғызылмақ. Бұл құрылысты жүргізуге облыстық құрылыс басқармасы тарапынан белгіленген «Kazakhstan GIGA TRADE», «Тәуекел», «Батыс Құрылыс қызмет», «АИАС Строй Сервис», «Жайық құрылыс факт», «Орал Спец Строй» сынды 6 құрылыс компаниясы анықталды. Қазіргі таңда анықталған мердігер компаниялар құрылыс материалдарын тасып әкеліп жұмысын бастады.

IMG-20240524-WA0196

Қоржын ауылының тұрғындарына тиісті гуманитарлық көмектер берілуде. Ауыл тұрғындарына 3 КамАЗ жүк көлігі тіркемесімен цемент және шифер материалдары жеткізіліп қажетіне қарай таратылуда. Облыс әкімі Н.Төреғалиевтің тікелей көмегімен Қоржын ауылындағы отбасыларға қысқы палаткалар әкелініп құрып беріліп жатыр. Сондай ақ, облыстан берілетін гуманитарлық көмектердің барлығы аудан басына әкелінген. Ауданнан ауылға күн сайын керек заттар мен азық-түлік тасымалданып беріліп отыр.

IMG-20240524-WA0193

– Қоржындық тұрғындармен кездесіп қажетті көмектер жеткізілетіндігін айтып, алдағы уақытта жасалатын жұмыстар жөнінде де түсінік бердім.

Ауыл іргесіндегі дамбыларды салуға, Жақсыбай және Қалдығайты өзенінен өтетін көпір құрылысының жобалық сметалық құжатының жұмысы басталғанынан хабардар еттім. Су тасқынынан ауылдағы құлаған үйлердің орындарын тазалап жатыр.

Тазалауға қажетті техникалар жеткізілмек.

Ауыл халқының суға кеткен малдары бойынша тиісті төлемдер төленді. Сондай ақ, тасқыннан зардап шеккен отбасыларға бір реттік көмек қаржы 100 АЕК есебінде берілді, - дейді аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев.

Қаратөбе ауданы бойынша су тасқынынан зардап шегіп, комиссия шешімімен тұруға жарамды, бірақ күрделі жөндеуге жататын 13 тұрғын үй анықталған. Оның 7 үйі Қоржын ауылындағы тұрғын үйлер. Бұл үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге тиісті қаражат төленді.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале