8.10.2021, 15:37
Оқылды: 84

 Қоржындары құр қайтпады

Орал қаласында БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, сондай-ақ қол күресІ федерациясының ұйымдастыруымен турнир өтті. Тінін тарқатсақ, 2003-2005 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздардың,  2006 жылғы және одан кіші жастағы жасөспірімдер арасында өткен қол күресінде Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ оқушылары үздік нәтиже көрсетті. Жалпы саны 8 оқушыны дайындаған Жақсыбек Демеуовтың 5 шәкірті жеңіс тұғырынан көрінді.

241D14C3-8CDA-4D61-ACF7-71D5FEAD86A4

Ал 2006 жылы туған және одан кіші жастағылар арасынан 50 келі салмақта Ақнұр Жоламанова I орынды жеңіп алды. 65 келі салмақта Алтынгүл Бақтығалиева бірінші орынмен қоса «Спорт шеберлігіне үміткер» атағын алды.

2003-2005 жылғы ұлдар арасынан Бақберген Қапен II орынды иеленсе, 2006 жылы туған және одан кіші жастағы қыздар арасынан Нұрзада Арыстанова мен Қымбат Уағап  II, III орыннан  көрінді.

Теректі ауданының намысын қорғаған спортшыларымыздың жеңісті күндері көп болсын!

 Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале