7.02.2020, 16:08
Оқылды: 114

Қос анаға «Күміс алқа» медалі табысталды

Теректі ауданындағы қос анаға «Күміс алқа» медалі табысталды. Аудан әкімі Әділ Жоламанов Шалқар ауылдық округіне қарасты Сарыөмір ауылына  арнайы барып, батыр ана Торғынгүл Тұяқовамен кездесті.

terekti (3)

Торғынгүл Тұяқова алты баланың анасы. Бүгінде ұл-қыздарының алды үлкен өмірге  қадам басқан. Тұңғыштары Жұлдыз Орал қаласында, одан кейінгі Баршагүл Алматы қаласында оқып жатыр. Алдияр мен Асылгүл мектеп оқушылары болса, Наз ауылдағы балабақшаға барып жүр. Үйдің кенжесі Аманғали ғана әже тәрбиесінде екен. Әділ Тауфиқұлы «Күміс алқа» иегеріне гүл шоғы мен естелік сыйлық табыстады. Осы күні дәл осындай құрмет  шағандық Венера Утароваға да көрсетілді. Ол кісіге де аудан әкімі «Күміс алқасын» табыстап, отбасына амандық тіледі.

terekti (4)

Венера Алтайқызының Дильназ, Ерназ, Бекарысы мектеп оқушылары болса, қос ұлы спортқа өте бейім. Ал Інжуі мектепалды даярлық сыныбында оқып жүрсе, Адиля мен Зере үй тәрбиесінде.

Әділет Әлібекұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале