6.10.2021, 11:08
Оқылды: 64

Қос ару топ жарды

Жақында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Менің Отаным Қазақстан» атты туристік экспедиция слеты өтті. Еліміздің он төрт облысы мен үш ірі қаласынан келген оқушылар бақ сынаған сайыста Бәйтерек ауданы Қасым Аманжолов атындағы мек оқушылары топ жарды.

IMG-20211006-WA0029
Онлайн форматта өткен байқаудың «Экологиялық соқпақ» номинациясына қатысқан аудандық жас туристер станциясы үйірмесінің қатысушылары Ділназ Ерғали  мен Наргиз Сағынбай жарыс жеңімпазы атанды.
Байқау ережесі бойынша бақ сынаушылар видео түсіріп, бейнежазбаларын ұйымдастырушыларға жіберу керек болды. Сарапқа салынған он жеті бейнежазбадан қос бұрымдымыз туындысы үздік деп танылды.
-Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысқан жарыста көш бастау біз үшін үлкен мақтаныш. Еңбегіміздің нәтижесін көрдік. Әлі талай белестерді бағындырып, қоржынымыз жаңа жеңістерге толатынына сенемін, - дейді Ділназ бен Наргиздің жетекшісі Асхат Бекешев.

Назерке Сыйлыбаева,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале