9.11.2022, 11:17
Оқылды: 74

Қос ауылдағы қуаныш

Казталов ауданы тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында біраз нәтижелі жобалар жүзеге асуда. Сондай іргелі жұмыстардың бірі — елді мекендерді газбен қамту. Биылғы жылы ауданымыздың 16 елді мекені газ желісіне қосылуда. Жыл аяғына дейін түгел қосылса, ауданымыз 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылмақ.

20191209201200__MG_9503Кеше Тереңкөл ауылдық округінің Мереке, Бірік ауылдық округіне қарасты Саралжын ауылдарының тұрғындары қуанышқа бөленіп, көгілдір отын жағу бақытына кенелді.
Қос ауылдағы қуанышқа қатысқан Казталов ауданы әкімінің орынбасары Қадер Нұрғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев ауыл тұрғындарын құттықтап, газ желісін тартқан «ӘлияСервис» ЖШС-не, «Строитель» ЖК-нің Жақып Каримовқа ел атынан алғыс білдірді.
Саралжындағы газ алауын жағу құрметі аудан әкімінің орынбасары Қадер Нұрғалиев пен ауыл ақсақалы Ахмет Дауышовқа бұйырды.
Түтін бықсыған пеш жағып, күл шығару бейнетінен құтылған ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

20191209171420__MG_9484
— Осы жобаны қолдаған, қаражат бөлуге ықпал жасаған, газ өткізу жұмыстарын атқарған азаматтарға алғыс білдіремін! Көгілдір отын игілігін көріп жатқан барша ауылдастарды құттықтаймын! Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын! - деді Мереке ауылының тұрғыны Қанымтай Габдрахимова.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале