19.08.2022, 22:08
Оқылды: 84

«Қос домбыра» облыстық домбырашылар байқауының гала-концерті өтті

Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында ауданның қайта құрылғанына 50 жыл толуына байланысты алғаш рет өткізіліп отырған облыстық «Қос домбыра» домбырашылар байқауының гала концерті өтті.

20220819_171401

Концерт «Домбыра- бағзы мұра» атты абыз адам кейпіндегі Айбол Арыстановтың монологынан басталып, Нұржан Отарбаев пен Болатбек Өтешқалиевтің «Әке толғауы» күйіне жалғасты.
Екі кезеңнен тұратын аталмыш шарада облыс бойынша 12 жұп өнер көрсетті. Күй күмбірі әуелеген, орындаушылардың шеберлігін шыңдаған сайысты әділ саралап, баға берген әділқазылар алқасының шешімі бойынша дипломант дәрежесімен Қ.Егінғали мен Қ.Байғұтты /Қаратөбе ауданы/ марапатталса, ІІІ орынды Н.Отарбаев пен Б.Өтешқалиев /Жаңақала ауданы/, А.Ғизатов пен А.Утеулиева /Бәйтерек ауданы/, М.Аманғалиев пен А.Маханов /Тасқала ауданы/ иеленді. ІІ орынды Орал қаласынан жерлес домбырашыларымыз А.Гумаров пен Б.Шаймарданов қанжығаларына байласа, І орынды оралдық жұп А.Қуаншалиев пен жұбайы Р.Шаканаева иемденді. Бас жүлде жаңақалалық Т.Сыралиев пен Н.Касумоваға бұйырды.

20220819_172128

Байқау жүлдегерлеріне қаржылай марапат пен гүл шоқтары табыс етілді.
Шара соңынан жеңімпаздар мен мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары әнмен шашу шашып, күмбірлетіп күй тартып ел ықыласына бөленді.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале