29.12.2021, 9:20
Оқылды: 59

Қос кітаптың тұсауы кесілді

Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында өткен ҚР Жазушылар одағының БҚО филиалының қорытынды шарасында қос қуаныш орын алды. Ел алдында сырымдық ақындар ақын Махмет Қажиахметов пен Бауыржан Ширмединұлының кітаптарының тұсауы кесілді. 

47DE6221-701F-4503-A2CA-7FF284D8A6F1

Махмет ақынның «Дала демі» жинағының тұсаукесер рәсімін ҚР Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет пен Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері Ғайсағали Сейтақ жүргізді.
Ал Бауыржанның «Қалаға хатын» әдеби өмірге әлемнің аңызы, Алаштың абызы Асанәлі Әшімов пен айтыстың атасы Жүрсін Ерман ақ бата тілеп, «аттандырды».

Кітаптар Бауыржан Халиолланың қолдауымен ҚР Жазушылар одағының БҚО филиалы баспаханасында жинақталып, түптеліп, басылды. Қос жинақ жуық арада оқырмандардың қолына тиеді.

 «Сырым елі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале