20.09.2021, 19:29
Оқылды: 152

Қос округте сайлау өтпек

Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Басқосуға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақан Қапанов, аудандағы саяси партия өкілдерінен «Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов пен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілі Қамбар Қаменов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әлихан Досмұхамбетов, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Ержан Макишев, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Асхат Абжанов және комиссия мүшелері қатысты.

4

Жиынды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айдар Қаресов ашып, жүргізді.

Күн тәртібінде Жаңақала ауданына қарасты Жаңақала ауылы мен С.Меңдешев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау және күнтізбелік жоспарды бекіту туралы, БҚО Жаңақала ауданы аумағында ауылдық округі әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округін құру жөнінде мәселелер қаралды.

5

- Бүгін Жаңақала ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы қаулы сіздердің қатысуларыңызбен қабылданды. Екі ауылдық окургтегі сайлау 17 қазанда өткізілетіні айтылды. Жаңақала ауылдық округінде үш, С.Меңдешев ауылдық округінде бір сайлау учаскесі бар. Осы бағытта сайлау өткіземіз. Сайлауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Оның бәрі кезең-кезеңімен заңнамаға сәйкес өтеді, - деді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айдар Қанатқалиұлы. Сонымен қатар күнтізбелік жоспар арнайы әлеуметтік желілерге, сайттарға салынатынын хабарлады. Одан әрі жиынға қатысушылар түрлі сұрақтар қойып, жауап алмасып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

 

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале