19.05.2023, 14:45
Оқылды: 26

Қошанкөлде мобильді қабылдау жүргізілді

«AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы Сәкен Ищанов және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Артур Берденов Қошанкөл ауылдық округінің тұрғындарын қабылдады. «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының бастамасымен жүргізілген мобильді қабылдауда жеке тұлғаның да, ел мүддесіне бағытталған мәселелер көтерілді.

20230518_152222

Қошанкөлдіктердің сауалы алдымен денсаулық сақтау саласына бағытталды. Ауыл ақсақалдары «Қарлығаш» бөбекжайын күрделі жөндеуден өткізу, Ордабай елді мекеніне шағын футбол алаңын және Қошанкөлге дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу, жол мәселесін оңымен шешуге партияның ықпал етуін талап етті. Халықтың сұрағына жауап беру барысында Артур Амантайұлы жол мәселесі жуырда шешімін табатындығын тілге тиек етсе, Сәкен Сәлімжанұлы «Қарлығаш» бөбекжайының жай-күйімен танысып, айтылған мәселелер жауапсыз қалмайтындығын атап өтті.

20230518_152156

- Біздің мақсатымыз халықтың сұранысын қанағаттандыру. Әрине халықтың денсаулығын арттыру, бұқаралық және кәсіби спортты дамытуда шағын футбол алаңы мен дене шынықтыру-сауықтыру кешені маңызды рөл атқарады. Ал 1984 жылы іргесі қаланған «Қарлығаш» бөбекжайы жай-күйі жергілікті халықты алаңдатып отырғанынан хабардармыз. Мәселелер жауапсыз қалмайды. Тиісті органдардан жауап алып, мәселенің шешілуін бақылауда ұстайтын боламыз, - деді партия филиалының төрағасы.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале