6.05.2022, 14:45
Оқылды: 99

Көшелерді асфальттау жұмыстары жалғасады

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Азамат Сафималиев және дербес бөлім басшылары ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуде Жәнібек ауылдық округінің әкімі Абзал Қаратаев бірінші тоқсанда атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде айтты.

IMG_1327

Абзал Бақытұлы өз сөзінде сәуір айынан бастап санитарлық-тазалық айлықтың жүргізіліп жатқандығы атап өтіп, тұрғындардың өз үйлерінің айналасын тазалап, қуыстарда үйілген қоқыстарды уақтылы жинауды сұрады. Ауыл әкімінің мәлімдесінен кейін, аудан басшысы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарланған жобаларды алға тартты. Былтыр басталған Қ.Мусин, А.Байтұрсынов, М.Өтемісов, Р.Егізбаев атындағы көшелерін асфальттау жұмыстары биыл жалғасын табатын болады.

IMG_1334

Басқосуда аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Салтанат Ералина мемлекеттік бас санитар дәрігердің ағымдағы жылдың 5 мамырында күшіне енген қаулысымен таныстырды. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова алдағы уақытта өтетін Референдум хақында баян етті.

Кездесуді Жәнібек ауылдық округінің әкімі А.Қаратаев қорытындылады.

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале