20.11.2019, 18:15
Оқылды: 50

Көшпелі комиссия Таловта бас қосты

Жәнібек ауданының Талов ауылдық округінде аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі көшпелі аудандық комиссиясының отырысы өтті.

janibek (2)

Комиссияда аталған ауылдық округте орын алған кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, тағдыр талқымына ұшыраған отбасыдағы кәмелеттік жасқа толмаған балалар мәселелері қаралды.

Бірінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Айбек Ғазезов хабарлама жасады. Баяндамада айтылғандай, ауылда қылмыстық іс ашылған. Бұл іс алдағы уақытта аудандық сотқа жолданады.

Көшпелі отырыста төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов күн тәртібіндегі екінші мәселеге сәйкес аталмыш ауылдағы отбасын санын есепке алып, қатаң бақылауда ұстау керектігін айтты.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале