19.01.2023, 19:37
Оқылды: 23

Көшпелі топ Жаңақалада

Бүгін Бірлік, Пятимар, Қызылоба ауылдық округтерінде облыс орталығынан келген көшпелі түсіндіру тобының қатысуымен «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының» пилоттық жобасын түсіндіру-талқылау жиыны өтті. Көшпелі түсіндіру тобының құрамында Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алпамыс Көшкінбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Қарағойшин, облыстық стратегия және экономикалық даму  басқармасы өңірлік даму бөлімінің басшысы Райса Еркеғалиева, «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ Стратегиялық даму және мемлекеттік-жекешелік әріптестік департаментінің директоры Алмат Казиханов, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Қайыржан Өміралиев болды.

photo1674136610 (2)

Жиналысқа аудандық бөлім басшылары, шаруа қожалық жетекшілері мен кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиында төрағалық еткен аудан әкімі Дархан Закарин осыған дейін де ауыл шаруашылығын дамыту мен халықтың табысын арттыру мақсатында қабылданған бағдарламалардың жүзеге асқандығы туралы айтып, жиналғандарды жиналысқа қатысушы түсіндіру тобының мүшелерімен таныстырып өтті. Жиын барысында сөз кезегі Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Қадырбайұлына ұсынылды. Өз кезегінде аталмыш түсіндіру тобының аудан орталықтарына жұмыс сапарымен шығуының маңызы ерекше екеніне тоқталған ол «қолға алынғалы отырған жобаға қатысушы әр азамат өзіне тиісті несиесін алып, кәсібін бастауы үшін бар жағдайды туғызымыз қажет» деген пікірін білдірді.

Түсіндіру тобының мүшелері бағдарламаның бағыты, шарттары және несие алу үшін қойылатын кепілдік туралы айтқаннан кейін жиналыс сұрақ-жауап форматына ауысып, тұрғындар тарапынан бағдарламаға қатысты сұрақтар қойылды.

photo1674136605 (4)

Жиынға қатысушылардың бірі «Жұмысы бар адам кепілдікке жылжымайтын мүлік салып, жастарға арналған жеңілдетілген несие ала алады ма?» десе, енді бірі «Кооперативке берілетін несие жас ерекшелігіне қарайды ма?», «Жеңілдетілген несиені бір үйден екі адам алып, бірігіп кәсіп ашса болады ма?», «Кепілдікке жер салып, несие алуға болады ма?» деген бағытта сұрақтарын қойды. Тұрғындар көкейлеріндегі бағдарламаға, несие мен кепілдікке қатысты көп сұрақтарына жауап алып, қолға алынбақшы болып отырған жобаның жай-жапсарына толық қанықты.

Райхан Хамзина

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале