30.10.2023, 18:10
Оқылды: 0

Қоскөлде наубайxана ашылды

Қаратөбе ауданына қарасты Қоскөл ауылында «Ауыл аманаты» жобасы аясында Мерхат Жұмашевтің бастауымен «Әдемі-Мөлдір» ауыл шаруашылық өндірістік коопоротиві «наубайхана және шикі ет өнімдерін дайындау цехы» құрылды. Наубайxана нан пісіруге қажетті барлық заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған.

1BEA27CC-900A-4B79-8D5A-178BF10BBC68

Наубайханың ашылуына «Ақжайық Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы Қазбек Асанұлы және Қаратөбе ауданы әкіміне үміткер Қадыржан Орынбасарұлы арнайы қатысып кәсіпкерге жылы лебіздерін білдіріп, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.

Ауыл ақсақалы Серік Нығметов құттықтау сөз сөйлеп, ыстық ықыласын жеткізді. Әрі қарай лента қию рәсімі «Әдемі-Мөлдір» ауыл шаруашылық өндірістік коопоротивінің төрағасы Мерхат Жұмашев және ауыл ақсақалы Даниял Қаресовке берілді. Ауыл ақсақалы лентаны қиып, кәсіпкерге және ауыл тұрғындарына ақ батасын берді.

Ашылу салтанатына қатысқан тұрғындар наубайхана жұмысымен танысып, кәсіп иесінің ыстық нандарынан ауыз тиді.

Бекжан Қойшекенов

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале