11.07.2023, 14:30
Оқылды: 88

Қособада жаңа әкім

2 шілде күні Қособа сайлау округі бойынша Қособа ауылдық округі әкімінің сайлауы өткен болатын. Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 669 азамат енгізілсе, оның – 378-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 11, «Барлығына қарсы» - 19 болды.
IMG_6108
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 4 шілдедегі №1.3/39 шешімімен, 70,3% дауыспен «AMANAT» партиясы ұсынған, Жырақұдық ауылының тұрғыны, Бейімбет Жайманов Қособа ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
IMG_6121
Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов жаңа әкімді құттықтап, жұмысына сәттілік тілесе, қособалық ағайынның атынан ауыл ақсақалы, Қособа ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеу Шарифуллин батасын берді.
IMG_6124
Бейімбет Есетұлы өзіне сенім білдірген тұрғындарға алғысын білдіріп, ауылдың көркеюі үшін білек сыбана жұмыстанатынын айтты.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале