14.07.2022, 13:00
Оқылды: 32

ҚР Сенат депуттары Жаңақалада

Бүгін Жаңақала ауданына арнайы жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Нариман Төреғалиев пен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Бибігүл Қонысбаева келді.

62342377-b03b-4b23-962d-e8e6cb97f1a4

Жаңажол ауылдық округіне ат басын бұрып, мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен жиын өткізді.

 Сонымен қатар мұнда аудандық мәслихат депутаты Серік Жәрдемалиев, ауыл әкімі Айбек Ишанов қатысты. Басқосуды аудан әкімі Дархан Әмірханұлы ашып, сұрақ-жауап форматына кезек берді. Алдымен Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Н.Төреғалиұлы сөз алып, Парламент жұмысына қысқаша тоқталып өтті. Одан әрі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Алғаш боп ауыл тұрғыны Сәрсенбай Набидуллин кіші Айдархан елді мекеніне су жете ме деген сауалымен қоса, әйел адамдардың зейнет жасын төмендету туралы ұсынысын айтса, Мәлік Темірбеков ауылға қажетті су мәселесін қажетті билік басшыларына жеткізуін және киіктің көптігін, сондай-ақ Пәки елді мекеніндегі мектептің жабылмауына ықпал етіп, көмек көрсетуін сұрады.

3324d767-bb18-4730-ae2b-5a525f60d4c8

Ал Мақта Қайырлиева денсаулық саласына тұрақты дәрігер маманы қажеттігін, ауданнан ауылға дейінгі жолды жөндеу, азық-түліктің қымбаттауы, зейнет жасын ұзарту дұрыс еместігін, өзенде су тартылғандығын айтып, ұсыныстарын білдірді.

Бұған Нариман Төреғалиұлы мен аудан әкімі Дархан Әмірханұлы кезек-кезегімен толықтай жауап берді. Түйіткілді мәселелер талқыланып, тұрғындар базынасы тыңдалды.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале