3.06.2022, 14:30
Оқылды: 36

ҚР вице-министрі референдум маңызын түсіндірді

Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Президент аппаратының өкілі Серік Егізбаевтың қатысуымен референдумды талқылау жөнінде жиын өтті. Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында өткен басқосуға Батыс Қазақстан облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Асқар Жәнібеков, сонымен қатар Бөкей Орда, Жәнібек, Казталов аудандарының өкілдері және референдум өткізуге жауапты ауданымыздың аумақтық, учаскелік референдум комиссиясының мүшелері, полиция қызметкерлері қатысты.

IMG_4676

- Өздеріңізге белгілі, 1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқан референдум – Ата заңымыздың үштен бір бөлігін өзгертуі мүмкін. Сәйкесінше, еліміздің біршама маңызды салаларында өзгеріс болады. Референдум – Жолдауда жариялаған реформаларды халықтың таңдауы арқылы құқықтық тұрғыда бекіту.  Егер аталған өзгерістер қабылданса, еліміз өзінің саяси дамуының жаңа деңгейіне өтеді. Мемлекет басшысы ұсынған референдум өткізу бастамасы азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуды кеңейту және саяси процестерді терең демократияландыру туралы сұранысынан туындады, - деп аудан әкімі Дархан Закарин жиынды ашты. Одан әрі Республика бойынша өтетін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, талқылап, дайындықтарын білу мақсатында келген ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Президент аппаратының өкілі С.Рахметоллаұлы Жаңақала, Жәнібек, Казталов аудандарының аумақтық референдум комиссиясының төрағаларының есебін тыңдады.

IMG_4673

Сонымен қатар ЖПҚБ бастығының орынбасары Ернар Сұлтанғалиев референдумға қатысты аудандардың дайындықтарын, жетіспеушіліктерін атап айтты. Бұдан соң Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Президент аппаратының өкілі Серік Рахметоллаұлы хабарлама жасады.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале