8.11.2022, 20:21
Оқылды: 35

Қуаныштың жетістігі қуантты

Жуырда Жамбыл облысындағы №9 Меркі көпсалалы колледжінде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «AgroSkills - 2022» республикалық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Байқауға облыс атынан М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің ІІІ курс студенті Қуаныш Мұхитов қатысты.

қка

Ол облыстық кезеңнің жүлделі бірінші орын иегері, оның жетекшілері өндірістік оқыту жөніндегі шебер Еркебұлан Бисенғалиев пен арнайы пәндер оқытушысы Оралбек Қарашев.

қу
Байқау бағдарламасы бойынша әр қатысушыға бес модульден тұратын тапсырмалар беріліп, сарапшылар тобы тапсырмалардың орындалуын белгіленген сыныптама негізінде бағалады.
Еліміздің бірнеше облысынан келген қатысушылар арасындағы тартысты сайыста жоғары шеберлік таныта білген Қуаныш Мұхитов жүлделі үшінші орынды иеленіп, оған байқауды ұйымдастырушылар тарапынан дәрежелі диплом мен жиырма мың теңгелік сертификат табысталды.
Осыған орай колледж директоры Берік Ихсанов директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Айдарбек Жұманиязовтың қатысуымен жүлдегер Қуаныш Мұхитовты, оның жетекшілері Еркебұлан Бисенғалиев пен Оралбек Қарашевті қабылдап, жоғары нәтиже көрсетіп, облыс және колледж намысын абыроймен қорғаған Қ.Мұхитовке және оның жетекшілеріне алғысын айтып, алдағы уақытта бұдан да зор жетістікке жетулеріне тілектестігін білдірді.

Асқар Құсайынов,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале