6.12.2022, 14:45
Оқылды: 45

Күйші Ермектің елдегі тойы

Бөкей ордасы ауданы орталығында «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ауданымыздың «Құрметті азаматы», Махамбет Өтемісов атындағы сыйлықтың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының құрметті профессоры, танымал дәулескер күйші Ермек Қазиевтің 75 жылдығына арналған «Күмбірлеген күй-ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті. 

IMG-20221206-WA0077

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбековтың жүргізуімен өткен кеш Ермек Қазиев ағамызбен сұхбат ретінде өрілді.

Шығармашылық кеш барысында Ермек Қазиев ағамыз өнерге қалай келгені туралы айтып, жастық шақтарында басынан кешкен қызықты оқиғаларымен бөлісті. Қызықты оқиғаларымен қатар Ермек Қазиев көрермендерге өз өнерін паш етті.

IMG-20221206-WA0073

Туған күн иесімен қатар бұл кеште жерлесіміз Еламан Елтаев, Республикалық байқаулардың лауреаттары Айбар Хайырханов және Тұрлыхан Абухановтар да өз өнерлерін көрермендерге тарту еткен болатын.

IMG-20221206-WA0076

Өз кезегінде аудан басшысы Нұрлыбек Даумов Ермек Қазиев ағамызға "қош келдіңіз!" айтып жылы лебіздерін жеткізді. Құттықтау сөздерімен қатар аудан басшысы Ермек ағамыздың өнері барша ұрпаққа үлгі және мақтаныш екенін айтты. Сонымен қатар, аудан әкімі ата дәстүрімізбен Ермек Қазиев ағамызға шапан жауып, тұлпар мінгізді.

IMG-20221206-WA0072

Сый-сыяпатқа ағамызды қолдап келген Айбар Хайырханов пен Тұрлыхан Абуханов та ие болды. Аудан басшысы өнерлі азаматтарға алғысхат пен сыйлықтарын тарту етті.

IMG-20221206-WA0079

Кеш соңында Рауан Қажығалиев «Орда туған мекенім» әнін орындаса, Жаңбырбай Камалов атамыз жылы лебіздерімен бөлісіп, кешті батасымен аяқтады.

IMG-20221206-WA0081

IMG-20221206-WA0074

IMG-20221206-WA0070

Еркебұлан Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале