12.08.2022, 20:40
Оқылды: 91

Күлкіге қарық қылған "Stand up"

Халықаралық жастар күніне орай Бөрлі аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Ақсай жастары» ЖҚБ қолдауымен, аудандық Мәдениет үйінде Орал қаласының Karantino production тобының stand up кеші өтті. 

2f756f48-7548-4f4c-864a-2a89e5405af7

«Stand up» қазіргі кезде ТМД елдері арасындағы әзілдің кең көлемде қарқынды дамып келе жатқан түрі. Stand up-та – сахнаға өнерпаз шығып, көрермендермен еркін түрде әзіл сұхбат жүргізеді. Аталған stand up кеші Ақсай қаласында тұңғыш рет өткізілгелді.  Шараға  6  stand up -шы қатысты.

- Бұл өзгеру, жаңа формат. Бұл 1950 жылдары Америкада дамыған. Бұдан бір 10 жыл бұрын көршілес Ресей мемлекетіне келсе, бізде енді етек жайып келе жатыр. Жастар енді біліп жатыр. Басында бізді КТК мен жайдарманмен шатастыратын еді. Дегенмен бізде басқа формат, әрі қызықты, ерекше өзінің стилі бөлектеу. Көрерменнің алдына бір stand up-шы шығып өз өмірін, басынан өткен қызықты оқиғаларын айтады. Біз осыдан бір жыл бұрын шағын ғана залда 30-ға жуық адамға әзілдерімізді айтып, ойнап көрдік. Көрермен тарапынан жақсы қабылдау болғаннан кейін, әрі қарай жалғастырып жатырмыз. Орал қаласындағы көрермендеріміз көбейіп келе жатыр. Біздің әзілдерімізге зал толып отырады. Аудандарға шығуымыз алғашқы. Дегенмен алдағы жоспарымыз бойынша облысымыздың аудандары мен Атырау облысының аудандарын аралап, stand up қойғымыз келеді, - дейді Karantino production тобының негізін қалаушы Самат Қуанғалиев.

Cахнаға шығып ақсайлық көреременге өз өнерлерін көрсеткен әзілкеш жігіттер түрлі тақырыпты қозғады. Бірі Орал-Ақсай жолын тілге тиек етсе, енді бірі балалық кездегі қызытар, ел арасында көп айтылатын мақал-сөздерді айтып көрерменге ой тастады.

8b01c9f5-1fcf-4fc9-a965-45f68945d5f4

Жалпы, ауданымызға тұңғыш рет келіп өнер көрсетікен жігіттердің әзілдерін көрермен жылы қабылдады. Шара соңында аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Руслан Азаматов жігіттерге аудан жастары атынан рахмет айтып, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Толқын Хадышованың атынан алғысхат табыс етті.

Айта кетейік, «Бәйтерек» сауда үйінің директоры Айбек Омаров пен «САПА» фотостудиясының басшысы Өрлен Бейсенов кештің жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале