18.04.2026, 17:57
Оқылды: 5

Құмақсайда жаңа балабақша ашылды

Жуырда Құмақсай ауылдық округінде мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің ашылу салтанаты өтті.

670920814_18216442873316896_1650467011902181846_n

«Балабақша – бұл балалардың алғашқы қадамы басталатын, тәрбие мен білімнің негізі қаланатын қасиетті орын»,-деген сөздермен шара шымылдығы ашылды.
Аталған іс-шарада ҚР Әнұраны орындалып, сөз тізгіні Теректі ауданының білім беру бөлімінің басшысы Индира Амертаева мен Құмақсай ауылдық округінің әкімі Сержан Мәдиевке берілді. Олар жаңа нысанның ашылуымен тұрғындарды құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады. Округ әкімі өз сөзінде бұл жаңалық ауыл үшін тарихи сәт екенін жеткізіп, өзінің сайлауалды науқанда ауылда балабақша ашылатынына уәде бергені жайында айтып өтті. Сондай-ақ балабақша ашылуының ауыл дамуындағы ерекше маңызына тоқталып, жастардың ауылда қалып жұмыс істеуіне, отбасын жоспарлауына мүмкіндік беретінін жеткізді. Келесі сөз кезегі Құмақсай ауылының тұрғыны Амангүл Нигметоваға ұсынылып, ана ретінде өз қуанышын жеткізіп, жасалып жатқан мүмкіндік үшін ризашылығын білдірді.
Аталмыш жиын аясында мектеп оқушылары мен кішкентай бүлдіршіндер де өз өнерін көрсетіп, мерекелік көңіл күйде балабақша ресми түрде ашылып, лента қию рәсімі жасалды.

670247439_18216442855316896_6838879232170822511_n
Өлке үшін маңызды күн жайында Новопавловка ЖОББМ басшысы Ержан Кульниязов:
-Бүгін ауылымызда үлкен қуанышты сәт болып жатыр. 1991 жылы Тәуелсіздік алғаннан бері бізде бөбекжай болмаған. Балабақшаны армандаған ата-аналар бұл күнді ұзақ күтті. Балаларымызға бақытты балалық шақ пен биіктерден көрінуін тілейміз,-деді мектеп басшысы. Сонымен қатар іс-шара барысында аудан әкімі мен білім беру бөліміне алғыс айтылып, игі бастамаға сәттілік тіледі.

669863429_18216442945316896_4570354411323494988_n
Балабақша туралы айтып өтетін болсақ, қазіргі уақытта 1 кіші және 1 үлкен топ бар. Жалпы 40 балаға арналған жаңа мекемеде 2 тәрбиеші, 2 бала күтуші жұмыс істейді.

671225404_18216442915316896_2941635431534504420_n
Келген меймандар жаңа нысанның ішін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Жарқын, жылы, жайлы мекеме балаларға арналған арнайы жиһаздармен, ойыншықтармен жабдықталған.

Қаламқас Саясатова

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале