29.07.2021, 8:07
Оқылды: 84

Құмды мекеннен ракета табылды

2021 жылдың 28 шілде күні кешкі сағат 17:49-да аудандық полиция бөлімінен Хан ордасы ауылынан 35 шақырым жердегі Қосшалаш қыстағы маңынан ұзындығы 6 м авиациялық ракета табылғаны жөнінде ақпарат түсті.

IMG_29072021_075719_(1020_x_765_пиксель)

Ақпарат түсісімен полиция бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудан әкімшілігі, қорғаныс бөлімі және прокуратура қызметкерлерінен құрылған жедел топ оқиға орнына аттанды. Ракета түскен орын қоршалып, тиісті шаралар қолға алынды.

IMG_29072021_075814_(1020_x_765_пиксель)

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале