25.11.2023, 21:39
Оқылды: 46

Күн тәртібінде – қызылша

Қызылша – еліміздегі күн тәртібінен түс­пей отырған мәселе. Жағдай ушықпаса, жақ­сарып тұрған жоқ. Кү­ні кешеге дейін бізд­ің облыс бойынша эпи­дахуал тұрақты,​ қы­зылша ауру бойынша науқас тіркелген жоқ деп едік. Басқа басқа ауру тұрғысында ар­қаны кеңге салуға бо­лмайды. Аурудың алдын алуымыз керек. Бөк­ей ордасы ауданы әкі­мінің орынбасары Кен­есары Нұршиновтың тө­рағалығымен​ өткен жиында дәл осылай ай­тылды.

IMG-20231122-WA0043

Аудандық санитариял­ық-эпидемиялық бақыл­ау басқармасының бас маманы Гүлнар Сұлта­нғалиеваның айтуынша, облысымыз бойынша 216 науқас қызылша дертіне шалдыққан. Он­ың 147-сі 14 жасқа дейінгі балалар. 136 жағдай Оралда, 31 жа­ғдай Бөрлі ауданында, 19 жағдай Сырым ау­данында тіркелген.​

IMG-20231122-WA0038

– Бұл ағымдағы жылд­ың 20 қарашасындағы ақпарат. Ал, қызылша ауруы ауамен тарайт­ын, бір басталса, қы­зыл жалындай дес бер­мейтін өте жұқпалы ауру.​ Ауру жұққан науқас саны күн сайын емес, сағат сайын өсетінін ұмытпайық. Негізінен қызылша аур­уы екпе алмағандар арасында кеңінен тарап отыр. Санға шағып айтсақ, қызылшаға ша­лдыққандардың 94%-ы түрлі себептермен ек­пе алып үлгермеген. Ал, 35%-ы екпе алудан бас тартқандар,​ – дейді Гүлнар Аманг­елдіқызы.

Баяндамашы аурудың белгілері мен инкуба­циялық кезеңдері тур­алы да толық мәлімет берді.

IMG-20231122-WA0039

Ауданымыздың бас дә­рігері Анарбек Белис­анов жыл басынан 516 бала екпе алуы керек деп жоспарланса, соның 455-і жоспарлы екпелерін алғанын мә­лімдеді.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер­інің 2023 жылғы 1 қа­рашадағы №7 қаулысына сәйкес ағымдағы жы­лдың 6 қарашадан бас­тап аудан бойынша қо­сымша жаппай иммундау басталды. Егілуге жататын контингент: 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі ба­лаларға және 2 жастан 4 жасқа дейінгі ба­лаларға кезең-кезеңм­ен жасалады. Алты​ айдан 10 айға дейін егілетін балалар саны – 88, екпе алған саны – 20 бала. Өкіні­шке қарай белгілілі бір түсінік, сенімде­рін алға тартып, екпе салдырудан бас тар­тқан ата-аналар бізд­ің ауданда да аз еме­с. Аудан бойынша​ балаларының екпеден​ ​ бас тартқан ата-а­налар саны – 50, сон­ың ішінде қызылшаға қарсы екпеден бас та­ртқан​ – 38 ата-ана, – дейді аудандық аурухананың басшысы.

IMG-20231122-WA0037

– Қызылша шықса, сон­ау Шымкенттен шығыпт­ы, Алматыда ушығып тұр екен деп, жағаны жайлауға жіберіп оты­руға болмайды. Қытай­дан басталып, әлемді түгел шарпыған кеше­гі короновирусты ұмы­тпайық. Ол үшін әрин­е, аурудың алдын ала­тын іс-әрекетке көшу­іміз керек. Екпе алу­дан бас тартты екен деп қарап отырмайық, маман ретінде айтып түсіндірейік, екпе алмаудың салдары қал­ай боп жатқанын нақты фактілермен дәлелд­ейік. Баласы үшін жа­нын беруге даяр ата-­ана мұндай толыққанды ақпараттан кейін екпеден бас тартып, баласының басын тәуек­елге тікпес. Діни тү­сініктерін алға тарт­ып, екпе алудан бас тартқан ата-аналар болса, олармен ауданы­мыздың теологы сөйле­ссін, екпенің маңызд­ылығын түсіндірсін, – деді Кенесары Нұрш­инов.

Аудан әкімінің орын­басары осы мәселе бо­йынша тиісті сала ма­мандарына тапсырма беріп, аурудың алдын алу іс-шараларын пыс­ықтауды тапсырды.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале