23.05.2024, 23:05
Оқылды: 0

Күн тәртібінде – мемқызмет сапасы

Бөкей ордасына Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов жұмыс сапарымен келді. Алдымен халыққа қызмет көрсету орталығына арнайы барып, аудандық қоғамдық кеңестерде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасымен танысты.

IMG-20240523-WA0094

Бұдан соң Мұрат Сейілбекұлы аудан активімен жиналыс өткізіп, жастармен де кездесіп, аудан тұрғындарына қабылдау өткізді.

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында қоғамдық кеңес мүшелерімен, мекеме басшыларымен кездесті. Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков ашып, жүргізіп отырды.

IMG-20240523-WA0113

Жиында Мұрат Сейілбекұлы қоғамдық кеңестерде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы бірнеше ұсынысты ортаға салды. Жиналғандар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға жауаптар алынды.

Арайлым Есмағұлова, 

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале