1.09.2021, 9:53
Оқылды: 67

Құран Кәрімді жатқа оқудан жарыс өтті

Кешегі аптада Сырым ауданындағы орталық мешітте қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп және жатқа оқудан жарыс өтті.

01

Мұсылман жұрт болғандықтан, Құран кітабын көп үйден кездестіреміз. Өкініштісі, қасиетті кітаптар оқылмай, құр босқа сөрелерде жиналып не қабырғаларда ілініп тұратын сувенирге айналған.  Құран Кәрім – сәндік дүние емес, ол – шариғаттың шамшырағы, Аллатану ілімінің іргетасы, мұсылман үшін оқу – білім көзі. Құранның қарасын араб тілінде жүргізіп, нақышына келтіріп оқушыны – қари, толық жаттаған адамды хафиз деп атайды.

  • Алла тағала Құранның өзінде: «Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі  тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер»,– десе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған. Құрандыжақсылапоқыған, әріптеріндұрысоқуғамашықтанғанәріамалетугетырысқанмұсылманҚұрандыжазуғатағайындалғанмәртебеліперіштелерменбіргеболатынынАйша (р.а.) анамызданкелгенриуаяттанкөреміз: «ҚұрандышебероқуғамашықтанғанжанҚұрандыжазуғатағайындалғанмәртебеліперіштелерменбіргеболады. Ал Құрандыоқығандакекештеніпқиналса, екісауапалады», – деген. ПайғамбарымызМұхаммед (с.ғ.с.): «КеудесіндеҚұраннанешнәрсеболмағанадамқаңыраптұрғанүйгеұқсайды», – деген. – деп жазады Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты muftyat.kz. Сырымда өткен Құран жарысының мән – маңызын, сауап – салмағын осыдан – ақ түсіне берген жөн.

Құранды мәнерлеп және жатқа оқу сайысына Сырым ауданынан бөлек, Орал қаласынан және онлайн мүмкіндікті пайдаланып, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облысынан болашақ қарилар қатысты.Жарысқа тек 18 жасқа толмаған үміткер жіберілді. Олар Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан, 1 параны толық жатқа айтудан және Құранның 2 парасын жатқа айтудан сайысты. Оқырманға түсінікті болу үшін айтайық, Құранның бір парасы – 20 беттен тұрады. 2 параны жатқа білу – Қасиетті кітаптың 40 бетін жаттау деген сөз.

Сайысқа аудандық орталық мешіттің бас имамы Әділхан Наурызбайұлы, Тәжиден Батырұлы атындағы мешіттің ұстазы Ринад Әкімов, Орал облыстық орталық мешітінің ұстазы, белгілі қари Ерген Құмаров қазылық етті. Үміткерлер билет суырып, берілген сүрелерді жатқа оқыды. Кейін қазылық етушілер Құран аяттарын оқып, қатысушылар әрі қарай жалғастырды.

02

Қасиеттің кітаптың 29 – ыншы және 30 – ыншы параларын толық жаттаған шәкірттердің арасында сырымдық Фирдоус Қайыржан І орынға ие болды. Қалған орындарды Сумая Бақыт пен Әбубәкір Бақыт бөлісті. 30 – ыншы параны жатқа айтудан Фатима Майлықұл жеңімпаз атанды. Екінші орынға Сумайра Қайыржан, үшінші орынға Әли Бақыт тұрақтады. Ал, жарысқа қашықтан қатысқан теміртаулық Нұрбақыт Шаймардан Құранның 10 парасын жаттағаны үшін сайыстың үздігі атанды. Оған республикалық Құран жарысына қатысу ұсынылды.

03

Айта кететін жайт, 20 үміткердің 16 – сы – Жымпитыдағы орталық мешіттің қабырғасында тәрбиеленіп, Құран үйренген шәкірттер. Басқа аудандар 1 үміткер қатыстыра алмай жатқанда, іріктеу жарысына бір ауданнан 16 шәкірт дайындау – Жымпитыдағы мешіттің мәртебесін анық айқындайды. Қазақ зияларыларының көбінің өмірбаянында «...жастайынан ауыл молдасынан сауат ашып, қара таныған...» - деген тұс бар. Сол секілді, балалардың тілін кәлима келтіріп, тәжуидке түсіріп, қара танытып, Құран жаттатып жатқан Сырым ауданындағы имамдардың еңбегін атап кету – міндетіміз.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале