28.06.2023, 17:24
Оқылды: 12

Құрбан айт – ұлық мереке

Жер бетiндегi  мұсылмандар үшiн қуанышқа толы мейрам – қасиеттi Құрбан айт мерекесiнiң алғашқы күнiнде Теректі аудандық мешiтіне жиылғандардың қарасы көп болды.

FB_IMG_1687933982801

Аудандық мешiттiң бас имамы Еркiнбек Ебелекқажиев жамағатқа Құрбан айт, бiрлiк-береке жайында уағыз айтып, құрбандық шалудың үкiмi, шарттары және орындалу тәртiбiмен таныстырды.

Содан соң аудан әкiмi Әлия Мұханбетжанова теректіліктерді Құрбан айтпен құттықтап, әр отбасына бақыт пен еліміздің амандығын тіледі.

FB_IMG_1687933990097

Айт намазы оқылып болған соң, жамағат арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, құрбан шалуға кірісті. Жастар жағы аудандық мешіт пен «Бірлік» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған ұлттық ойындардан сайысқа қатысып, бақ сынады. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

FB_IMG_1687933986532

Естеріңізге сала кетсек, биыл да елімізде құрбан шалу рәсімі оффлайн және онлайн форматта өтеді. Ел азаматтарына, әсіресе, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында бұл рәсімді қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайты іске қосылды.

FB_IMG_1687934004153

FB_IMG_1687934010253

FB_IMG_1687934016875

FB_IMG_1687934019768

FB_IMG_1687934023908

FB_IMG_1687934027367

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале