14.12.2023, 17:00
Оқылды: 19

Күрделі жөндеуден өткен медпункт қолданысқа берілді

Бүгін Жаңақала ауданының Пятимар ауылдық округінің Плантация елді мекенінде 2023 жылға жоспарланған кезекті нысандардың бірі — медициналық пункт ашылды.

медпункт (1)

Ауыл тұрғындары «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында қолданысқа берілген нысанның игілігін көрмек.

медпункт (2)

Құны 46 088,0 миллион теңге тұратын жоба құрылысын жүргізген -«АИАС Строй Сервис» ЖШС. Аталмыш ғимарат алғаш жұмысын 2005 жылы бастаған болатын. Қазіргі таңда жөндеуі аяқталып, қызметке қажетті медициналық құралдармен жабдықталып, жұмысын жалғастырып жатыр.

Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып:

— Замануи медициналық құралдармен қамтамасыз етілген нысан халық игілігіне жарасын, —деп тілегін жеткізді.

 

Айзада Ақбасова,

 Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

медпункт (3) медпункт (4) медпункт (5) медпункт (6) медпункт (7) медпункт (8) медпункт (9)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале