7.11.2022, 20:21
Оқылды: 67

Күрделі жөндеуден өткен нысан

Бүгін Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылында үлкен қуаныш. Жаз бойы жөндеу жұмыстары жүргізілген Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы оқушыларға есігін айқара ашты.

шыңғырлау

Ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова ауыл тұрғындарын заман талабына сай жаңарған мектептің ашылу салтанатымен құттықтап, соңғы жылдары Ащысай ауылында атқарылған игі істерге тоқталып өтті. Мектептің 1974 түлегі Ж.Райымқұлов та ауылдастары атынан өз лебізін білдірді. Білім ордасының ашылу лентасын ауылдың құрметті ақсақалы Зұлқарнай Нұртазиев пен аудан әкімі Әлия Биғазықызы салтанатты түрде қиып, жиналған халық мектеп ішін аралады.

шыңғ

Мектептің жобалық қуаттылығы 480 орындық. 1967 жылы салынған ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстарына «Ауыл - ел бесігі» жобасы бойынша ұлттық қордан 192 млн 545 мың теңге қаражат бөлінген. Жалпы ауданы 2445,5 м2 құрайтын білім ордасының жөндеу жұмыстарын «Алем-Құрылыс» ЖШС-і жоспарға сәйкес жүргізген.

шың1

Жөнделген ғимарат заман талабына сай құралдарымен жабдықталып, жаңартылған. Жаңа, жылы әрі жарық ғимарат заманауи түрде безендіріліп, көздің жауын алады. Сонымен қатар, кей кабинеттердің жиһаздары мен парталары жаңартылып, қосымша бейнебақылау жабдықтары орнатылған.

 

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале