12.07.2022, 17:00
Оқылды: 108

Құрмет грамотасы табыс етілді

Бүгін Шыңғырлау ауданы әкімі ​ Әлия Мұханбетжанова  аудандық мәдени демалыс орталығының директоры Сайын Ажғалиев пен аудандық кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Гүлмира Бердеғалиеваны қабылдап, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттады.​

IMG_4936 (1)

Әлия Биғазықызы саналы ғұмырын мәдениет пен кітапхана саласына арнаған қос басшыны лайықты марапаттарымен құттықтап, мықты денсаулық, рухани сергектік, амандық тіледі.

Өз кезегінде сөз алған Сайын Асанұлы мен Гүлмира Макарқызы да аудан басшылығына, әріптестеріне  қызметтерін елеп, жылы лебіздерін білдіргендеріне шынайы алғыстарын білдірді.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале