22.03.2023, 15:59
Оқылды: 38

«Құрмет тақтасы» жаңартылды

Бүгін  Наурыз мерекесі қарсаңында Жаңақала ауданы «Құрмет тақтасының» жаңарып, ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиынның басында өткен жылы  «Құрмет тақтасында»  орын алған сала үздіктеріне сертификат табыс етілді.

IMG_9735

Одан әрі игі істің жалғасы ретінде  аталмыш тақта жаңартылып, биылғы жылдың сала үздіктері ілінген «Құрмет тақтасы» ашылды. Жаңа құрмет тақтасының лента қию рәсімін аудан әкімі Дархан Закарин мен Жаңақала аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Фазыл Сапаров жасады. «Құрмет тақтасының» салтанатты ашылуынан соң, тақтаға ілінген биылғы жылдың үздік сала мамандары таныстырылып, олардың жетістіктері баяндалды. Ауданымызда түрлі салалар бойынша табысты қызмет жасап, ауыл-аймағымыздың өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына, игілікті тұрмысына үлестерін қосып, өз салалары бойынша үздік нәтижелер мен көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін «Құрмет тақтасына» шыққан үздік қызметкерлер мен үздік ұжымдар одан әрі ауданның «Даңқ» кітабына еніп, тарих қойнауына хатталатын болады.

IMG_9734

IMG_9750

Биылғы жылғы «Құрмет тақтасына» зейнеткер, өлкетанушы Тыныштық Өтешқалиев, Бірлік ауылдық округінің электромонтеры Нұртаза Ізбасаров, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің балалар әдіскері Жұмағаным Маширова, аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының аға инспекторы, полиция майоры Индира Тәжиева, «ББ» шаруа қожалығының басшысы Талғат Байкенов, «Берген» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Серік Ибрашев, аудандық аурухананың хирургі Азамат Дияров, №2 жалпы орта білім беретін метебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсұлу Юсупова, «Үздік спортшы» Жалғас Тілекқабылов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші маманы Еламан Тілегеновтар енді.

Ақсәуле Сексенбайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале