14.07.2023, 9:01
Оқылды: 31

Құрылыс басы жанданды

Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев Теректі ауданына жұмыс сапарымен келді. Өңір басшысы  Теректі ауылдық округіндегі құрылыс жайын бағамдады.Облыс басшысын аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қарсы алып, нысандармен таныстырды.

IMG-20230713-WA0045
Екі жыл тұрған емхана

Алдымен өңір басшысы «созылмалы» емхана басына барды. 2021 жылдың қазан айында басталған  құрылыс былтыр мамырда халық игілігіне берілуі тиіс еді. Алайда, түрлі сылтаулармен құрылыс тоқтап қалған болатын. Ауданға келген лауазымды тұлғалар «жоғарыға жеткіземіз» деп үміт бергенімен, құрылысқа жан біте қоймады.  Биыл облыс әкімінің араласуымен  жақында ғана нысан қайта жанданды.

IMG-20230713-WA0048

-Жаз мезгілін тиімді пайдаланыңыздар. Қазір күн ұзақ, кешкі тоғызға дейін қимылдасаңыздар көп пайда болмақ. Күн ұзарған сайын өндіріс те қысқара бермек. Биыл қалайда нысанның төбесін жауып, келер жыл тұрғындарға пайдалануға беруіміз қажет. Жасалып жатқан жұмыстар жаман емес. Өткен жолы келгенде қандай болып еді, бүгін қандай? Арасы жер мен көктей. Осылай жұмыстанып, нысанда аяқтаңыздар,-деп тапсырды облыс басшысы Нариман Төреғалиұлы. Мердігер «Оңдасын Строй» ЖШС мамандары емхананы толық бітіреміз деп сеніммен айтты.

-Қазіргі уақытта емхана басында 30 адам жұмыс жасап жатыр. Материалдар жеткілікті, техника, цемент бар. Нысанды уақытымен тапсырамыз,-дейді мердігер.

 

Тұрғындар тас жол күтуде

IMG-20230713-WA0059

Облыс басшысы аудан аумағынан өтетін маңызды тас жолды  Тек теректіліктер ғана емес, республикалық деңгейде пайдаланылатын жолды жөндеуді мердігер Орал-Ақсай трассасының 32 шақырымында орналасқан Жайық-Теректі ауылының екі ортасынан бастады.

«Подстепное-Теректі - РФ шекарасы» тас жолын жөндеу жұмыстарын атқарушы мердігер -«Қазкомсервис» ЖШС Жайық елді мекені тұсынан бастаған айналма жолды Теректі ауылына дейін жеткізді. Бұл жоба үш жылға жоспарлаған.  Құрылыс компаниясы күзге дейін 14 шақырым жолды жөндеуді аяқтап шығуға уәде беріп отыр.

-Өздеріңіз уәде етіп отырған 14  шақырым жолды биыл бітіріп беріңіздер. Құрылыста қарқын жоқ, өте баяу қимылдап жатсыздар. Қатты жабын дайындайтын зауыт әлі іске қосылмаған, не жарық, не рұқсат жоқ. Осылай жүре берсеңіздер ешқашан бітпейді. Сіздерге түгел ел қарап отыр, сенімді ақтаныздар,- деді облыс басшысы мердігерге.

-Зауыт осы айдың ортасында дайын болады. Негіздеме тамыз айында дайын болған соң, асфальт салуға тура отыз күн кетеді. Жол 5 шақырымнан бөлінген. Әр шақырымды екі күнде салып бітіреміз.

IMG-20230713-WA0053

Қазіргі таңда материалдар жеткілікті, қиыршық тастар, бетон әкелінді және 1,5 тонна цемент түсіріп қойдық. Жалпы 9000 тонна цемент сатып алынды. Жолдың ені 9 метр болмақ,-деп жолдың жайын айтқан мердігер «Қазкомсервис» ЖШС маманы Бауыржан Нұрмұханбет «екі ауылдың ортасындағы жолды күзге дейін аяқтаймыз» деп сендірді.

Құрылыс жұмыстары жайына қаныққан  Нариман Төреғалиев нақты қадағалауды аудан басшысы Әлия Биғазықызына тапсырды.

IMG-20230713-WA0054

IMG-20230713-WA0058

IMG-20230713-WA0046

IMG-20230713-WA0047

 

IMG-20230713-WA0056

IMG-20230713-WA0044

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале