27.10.2022, 10:31
Оқылды: 28

Құрылыс жұмыстары аяқтала келді

Кеше Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев Жақсыбай ауылдық округінде болып,​ құрылысы жүріп жатқан 7 тұрғын үйдің құрылысына барды.

IMG-20221027-WA0011

Жүріп жатқан жұмыстарды қадағалап, нақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының аяқталуы жақын.

IMG-20221027-WA0009

Дәлірек айтсақ, үйлерге жылыту жүйелері қондырылды. Төрт үйге жылу берілді. Есіктерін орнату, линолеум төсеу, үйлердің сыртын қаптап, ақтау​ жұмыстары қалды.

IMG-20221027-WA0010

Барлық үйге газ, су​ кіргізіліп, септиктері қойылды. Жұмыстарды аяқтаудың соңғы сатысына келді.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале