16.06.2022, 11:30
Оқылды: 54

Құрылыс жұмыстары депутаттар бақылауында

Биыл Сырым ауданы Сарой ауылдық округіне қарасты Көздіғара ауылында әмбебап спорт алаңының құрылысы басталды. Қабырғасы кірпіштен емес, тордан, төбесі шатыр емес, ашық болса да көздіғаралықтар үшін бұл нысанның маңызы бөлек. Жаңа спорт алаңының салынуы – ауылдың болашағына негіздің бар екенін білдіреді.

Партиялық бақылау (2)

Кешегі аптада Сырым аудандық мәслихатының хатшысы, "AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Шынар Дүйсенғалиева, партия филиалының атқарушы хатшысы Талғат Даргужиев, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі, қоғам белсендісі Т.Елубаев партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылау мақсатында Көздіғара елді мекеніндегі заманауи спорт алаңы құрылысының барысымен танысты.

Партиялық бақылау (1)

Мердігер өз жұмыстарын жобаға сай орындауда. Комиссия мүшелері нысанның сәндік қана емес, сапалық сипатына да көңіл бөліп, межелі  уақытта аяқтауды тапсырды. Мердігер ұсыныстарды ескеретіндіктерін айтты, – деп жазды партия филиалының Facebook-тегі Amanat Syrym ресми парақшасы.

Кейін партия бақылаушылары «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан Бұлан, Жамбыл, Қособа, Жырақұдық ауылдарын таза ауыз сумен қамту жүйесінің құрылысы басына барды.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале