3.11.2020, 8:12
Оқылды: 39

Құрылысты қатаң қадағалау қажет

Батыс Қазақстан облысы әкімінің құрылыс саласына жауапты орынбасары Тимур Шакимов 2 қараша күні Казталов ауданына келіп, құрылыс нысандарын аралады.

250FA22F-8A3E-4EF2-8B23-8C1AC174AB60

Талдыапан ауылдық округіне қарасты Сарықұдық ауылында 60 орындық мектептің құрылысы жүруде. Нысанның басында болған Тимур Әдиетұлы мектеп құрылысымен қатар Талдыапан ауылдық округіндегі әлеуметтік нысандардың газбен қамтылуы және Бейстерек, Талдықұдық, Кіші Талдықұдық, Кішкенешал ауылдарын газбен жабдықтау жұмыстарымен танысып, осы жобаларға жауапты мердігер мекемелердің өкілдерімен кездесті.

783DE7CC-2383-414D-AB18-BA5C8B6CB77A

Бұдан кейін облыс әкімнің орынбасары Жалпақтал ауылына ат басын бұрды. Жалпақталдағы 120 орындық дене шынықтыру және сауықтыру кешені, 12 пәтерлік 2 қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын бағдарлаған басшы, құрылысқа жауапты мердігер мекеме өкілдеріне сын-ескертпелерін жеткізді. Сонымен бірге Тимур Шакимов Жалпақтал ауылындағы ауылішілік жолдардарды күрделі жөндеу мен жаяу жүргінші жолдарын тарту жұмыстарының сапасымен танысты.

DD73A8B4-3CEA-4D44-B442-6BDB74B96490

Ауданымыздағы ірі жобалардың бірі – Чапаев-Жалпақтал-Казталов бағытындағы күре жолға қара жамылғы төсеу жұмыстары. Құрылыс жұмыстарын жүргізген «Юнисерв» ЖШС бүгінде аудан орталығына дейінгі 35 шақырымды бітіріп жатыр. Жол бойында тапсырыс беруші және мердігер мекеме басшыларымен кездескен облыс әкімінің орынбасары Казталов-Жәнібек бағытындағы жол жөндеу жұмыстары туралы да ақпар алды.

Бүгінде аудан орталығы Казталовта 320 орындық дене шынықтыру және сауықтыру кешені, 600 оқушыға арналған мектеп, 12 пәтерлі 2 үйдің құрылысы, аудандық аурухананың күрделі жөндеуі және ауылішілік жолдарына қара жамылғы төсеу, жаяу жүргінші жолдарын салу сияқты ірі жобалар жүзеге асуда. Аудан орталығына арнайы барған Тимур Әдиетұлы барлық жобалардың жүзеге асуымен танысып, құрылысқа жауапты мердігерлермен сұқбаттасты.

358A4706-5139-4467-9E2D-21E227F9A6E6

Құрылыс нысандарының барлығын аралап, өз көзімен көрген Тимур Шакимов аудан басшылығына, құрылысқа жауапты азаматтарға аудандағы барлық жобалардың сапалы атқарылып, құрылысқа қатаң қадағалу қажеттігі туралы тапсырмалар берді.

 Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале