18.10.2021, 17:57
Оқылды: 70

Құтқарушыларға құрмет көрсетілді

19 қазан- Құтқарушылар күніне орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара өтті.

12

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев кәсіби мереке иелерін құттықтап, осы салада қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан Қанат Шамаров, Файзолла Алпанов, Батырбек Жұбанғалиев, Талғат Жакупов, Қанат Қуанбаев, Арман Сарсенов секілді азаматтарға аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Мерекелік шара аудандық демалыс орталығы өнерпаздарының сазды әуендерімен жалғасын тапты.

13
Шара соңында, осы салада зейнеткерлікке шыққан ардагер құтқарушылар мен өрт сөндірушілер атынан Талғат Жакупов аудандық төтенше жағдай бөлімі мен №14 өрт сөндіру бөліміне естелік сыйлық табыс етіп, шара қонақтары естелік суретке түсті.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале