1.09.2022, 18:15
Оқылды: 49

«Күз саяси науқандарға толы болмақ»

Қазақстандық қоғам Президент Жолдауынан жаңа саяси тұжырым мен өзекті мәселелердің оң шешімін күтеді. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауы осы үдеден шықты.

22

Ел табиғи байлықтан және экономикалық табыстан түскен қаражатты елдің игілігіне жарату туралы жиі айтып жүр еді. Міне, енді Ұлттық қордың жыл сайынғы табысының 50% балалардың есепшотына аударылып, олар ол қаражатты он сегізге толғаннан соң өз қажетіне (баспана, білім алу) пайдалана алады. Болашақ үшін осындай батыл қадамдар керек.

Жер мәселесіне бақылаудың күшейтілетіндігі, медициналық сақтандыру жүйесінің қайта қаралатындығы -  халықтық үннен туындап отыр. Себебі, тұрғындар медициналық сақтандыру жобасының тиімділігін әлі күнге тұтына алмай келеді.

Бүгінгі күні көп кедергіге ұшырап жүрген, сапасыз тауарлардың алынуына байланысты мәселелер туындап жүрген мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесінің жасалуын қолдаймын. Жемқорлықтың алдын аламыз деп жүргенде проецесті қиындатып, мемлекеттік жұмысқа қолдан қолбайлау жасап алғанымыз рас.

Сонымен қатар 100 мың жасты жұмыспен қамтып қана қоймай, жаңадан кәсібін бастаймын деген жастарға 2,5% несиенің берілетіндігі көңіл қуантарлық нәрсе. Біздің партия да осы бағытта белсенді қызмет атқаруда.

Алдағы күз айы да саяси науқанға толы болмақ.

Талғат Дарғожиев,

Сырым аудандық «AMANAT» партиясы

филиалының атқарушы хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале