7.09.2022, 10:45
Оқылды: 53

Күздік егу жалғасуда

Шыңғырлаулық шаруалар биылғы егінді орып, жинаумен бірге келер жылдың да қамын жасап үлгеруде. Уақыт күттірмейтін жұмыстарды қатарластыра атқарып, жалпы көлемі 2500 гектарда күздік дақылдарды егуге арналған жерлерді өңдеу жұмысын тыңғылықты атқаруда.

5

Фото дереккөзі: inform.kz

Меморандум бойынша ауданға берілген жоспарда айтарлықтай. Сондықтан да күздік егу жұмыстарына сақадай сай: қара бидай - 500 гектар, күздік бидай – 2000 гектар. Күздік дақылдарын егу үшін ылғалдығы оңтайлы, аудан бойынша тамыз айына  жауын-шашынның орташа айлық нормасы 22 мм. болған болса, қыркүйектің 1-не қарай жауын-шашынның мөлшері 0,3 мм болды. Сондықтан сүр жыртып, қазіргі уақытта күздік дақылдарды егу үшін ауа-райы әлі де қолайсыз деп танып, енді, күздік дәнді дақылдарын егетін шаруашылықтардың барлығы жауын-шашынды күтуде.

Қалай жаңбыр басталса,  шаруалар солай егінге кіріспек. Ал күздік дақылдарының себілетін тұқым қажеттілігі және қамтылуы жағдайына келсе, 2000 гектар егу үшін күздік бидай қажеттілігі 280 тонна, әйтсе де, қазіргі дайындалғаны 132 тонна. Шаруалар «Жемчужина Поволжья», «Калач 60», «Безенчукская 380» сорттарын сеппек.

500 гектар қара бидай егісіне «Саратовская - 6» сорттарын егу үшін  «Жана Жер» және «Похилько» шаруа қожалықтары дайын отыр.

Ал әзірге аудан бойынша 1972 гектар жер танабына күздік дәнді дақылдары егілді. Жұмыстың орындалуы- 78,9 пайыз.

                                                                                         Айсұлу Мұса,

                                                                                         Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале